30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанадағы Назарбаев Университетінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты төрт томдық кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ху Хэпин, ҚХР Ұлт істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Го Вэйпин, ҚХР Шетел әдебиетін басып шығару және тарату жөніндегі бас басқармасының жетекшісі Ду Чжаньюань, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ҚХР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинь қатысты.
Жиын барысында Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Қытай – Қазақстан үшін сенімді дос, одақтас әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы ғасырлар бойғы достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастық бүгінде барлық бағытта табысты дамып келеді.
Мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы өзара түсіністік пен жоғары деңгейдегі сенім – екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына зор ықпал етуде. Бұл кітап – Қытай мемлекетінің саяси бағыт-бағдарын, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұстанымдарын, сондай-ақ ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырман үшін құнды дереккөз болмақ.
Сонымен қатар, туынды – Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек, – деді Аида Балаева.
Кітап Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік басқару философиясы мен тәжірибесіне арналған. Онда ҚХР басшысының ішкі және сыртқы саясат, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиялары жөніндегі көзқарастары қамтылған. Басылым саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар саласының мамандарына, Азия елдерінің даму жолына қызығатын мамандарға, сондай-ақ қытай тілі, мәдениеті мен қоғамдық құрылымын зерттейтін ғалымдарға арналған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды