12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікДәстүрлі емес шығыс медицинасы бойынша ем алған тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктінің тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ бұрын соңды медициналық қызметпен айналысқан.
Ұйықтай беру, әлсіздік шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған. Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды, - делінген Астана қалалық прокуратура ақпаратында.
Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.
Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды. Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер