Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Showdown" үстел теннисінен Астана қаласында екінші мәрте қалалық турнир өтті деп, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен бәсекенің ашылу салтанатына «Каспий» спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Әбдіқадірұлы, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Хамидин Нуридинұлы, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Темірлан Дархан, «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты.
«Showdown» үстел теннисі елордамызда екінші мәрте өткізіліп жатыр. Бір жыл ішінде «Showdown» спорты қалалық деңгейден өсіп, өзге өңірлерге де таралуда. Алдағы уақытта да бұл спортымыз қанатын кеңге жая берсін. Бүгінгі қалалық турнирде шын мықтылар жеңіске жетіп, республикалық турнирде сәтті өнер көрсетсін», — дейді Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Хамидин Нуридинұлы.
Аталмыш сайысқа 18 спортшы тіркеліп, жеңімпазды швейцариялық жүйе бойынша анықтады. Қазылар алқасының шешімімен жарыстың бірінші орын иегері деп Гүлмира Жетпісбаева танылса, екінші орынды Нұрлан Жетпісбаев еншіледі. Жүлделі үштікті Сексенбай Есілбаев түйіндеді. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен кубок тапсырылды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?