20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан мен Түркияның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының арасында тиісті келісімге қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркияның денсаулық сақтау жүйесінің елеулі ілгерілеуін атап өтіп, түрік әріптестеріне медициналық білім, ғылым және клиникалық практика мәселелерінде ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс айтып, түрік әріптестерінің госпиталдық менеджмент пен апаттар медицинасындағы тәжірибесін ерекше атап өтті.
Istanbul Medipol University ректоры Омер Джеран түрік әріптестерінің Қазақстанда медициналық білім мен практиканы жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендігін растады.
Келісім Астана медицина университетінің базасында Istanbul Medipol University филиалын ашуды көздейді. Ынтымақтастықтың шеңберінде Istanbul Medipol University оқытушылары мен клиницистері Астанада дәрістер мен мастер-кластар өткізеді. Астана медицина университетінің студенттері мен оқытушылары Түркияның клиникалары мен ғылыми базаларында оқыту мен практикадан өтуге мүмкіндік алады.
Istanbul Medipol University Ыстамбулдағы ең ірі жеке университеттердің бірі болып табылады, ол 2009 жылы құрылған және The Impact Rating World University Rankings және QS World University Rankings сияқты ТОП- 300 және ТОП- 400 әлемдік білім рейтингтерінің қатарына кіреді және Түркияның ТОП-3 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университет медицина ғылымы мен технологиясындағы жетістіктерімен танымал, Сонымен қатар Ыстамбулда 13 заманауи университетттік клиникасы бар.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?