23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астаналық полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында ер адамның елордада пәтер жалдап тұратыны белгілі болған. Таңғы уақытта ол көршісінің итін серуендеуге алып шығып бара жатқанын және пәтерінің есігін жабуды ұмытып кеткенін байқаған. Қолайлы сәтті пайдаланған ол үйге кіріп, сөреде тұрған «Redmi Note 10» маркалы телефонын ұрлап кеткен.
Таңғы серуеннен келген жәбірленуші гаджетінің жоғалғанын байқап, полицияға шағымданған.
Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде,-деді қалалық ПД.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік