10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана қаласы Байқоңыр ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. Атап айтқанда кәсіпкерге қатысты заңсыз салық актісін шығарып, шот-фактураларды жазуға шектеу қойып, оның қызметін тоқтатуға мәжбүрлеген.
Нәтижесінде сот құқық бұзушыға 258 440 теңге көлемінде айыппұл салды.
Жалпы, биыл кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 26 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді