1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Qalleki театр лабораториясы 2025 жылдың 16-17 мамыр күндері көрермен назарына «Шеңбер» атты қойылымның премьерасын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қойылым неміс драматургі Бертольт Брехттің «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған. Қазақ тіліне аударған — Зұлқарнай Сақиұлы. Спектакльдің қоюшы режиссері — Ұлан Қабыл, қоюшы суретші әрі киім суретшісі — Шынар Елембаева.
Спектакльде соғыс кезінде тағдыр тәлкегіне түскен сәбиді құтқарған Груша есімді қарапайым қыздың жанкештілігі баяндалады. Ол өз өмірін қатерге тігіп, бөтен баланы анасындай қорғап қалады. «Шеңбер» — адамгершілік, әділдік және аналық махаббат тақырыптарын көтеретін терең мазмұнды қойылым. Эпикалық драма жанрында сахналанатын бұл туынды көрерменді түрлі сезім мен ойға жетелеп, уақыт пен кеңістіктен тыс адамзаттық құндылықтарды қайта таразылауға мүмкіндік береді.
Спектакльдің актерлік құрамы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Боранбай Молдабаев, Мейрам Қайсанов, Гүлбаршын Қылышбай, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Аманжол Молдахмет, Қасымхан Бұғыбай, Бақытгүл Батырханова, Дастан Әлімов, актриса Айман Карпсеитова, Нұрсұлтан Есен, Нұрбек Съезхан, Динара Егубаева, Айкөркем Тұранова, Аяужан Малғаждарова, Ақжан Құрмашева, Қайыржан Садықов, Бибарыс Орман, Марғұлан Наменов, Әли Жарасұлы, Нұрхан Қосанов, Бейбарыс Сәрсенов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?