Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорданың Сарыарқа ауданында Шекарашылар күніне орай С.Сейфуллин көшесінде салтанатты түрде мурал ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Муралдың биіктігі 18 метрді құрайды, онда шекара қызметінің белгілері көрініс тапқан. Оның композициясында ел шетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекарашылардың маңыздылығын білдіретін әуе және теңіз кемелері үйлесімді бейнеленген.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің ардагерлері мен басшылығы, сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Жиында «Астана» шекаралық бақылау басқармасының бастығы полковник Мақсат Ахметқалиев құттықтау сөз сөйледі.
Қазіргі шекарашылар заманауи қару-жарақпен, технологиямен қаруланған, бірақ олардың жұмысында ең бастысы – патриотизм мен батылдық. Біз бұл қиын мамандықты таңдап, осы жолда Отанымызға, оның мемлекеттік шекараларын қорғауда абыроймен қызмет етуіміз керек. Мереке құтты болсын, шекарашылар мен Шекара қызметінің ардагерлері!, - деді полковник Мақсат Ахметқалиев.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары