Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанадағы Орталық саябақта шаңғы тебу маусымы ресми түрде ашылды. Осыған орай шаңғыдан жарыс өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшелігі бойынша 500 метр және 2,5 км қашықтықта өтті.
Биылғы қыс шаңғы жарысын өткізуге өте ыңғайлы. Шаңғы маусымының ашылуын осы уақытқа жоспарлаған себебіміз – ауа райына байланысты. Тағы да айтарымыз, қардың қалыңдығы шаңғы жолын жоғары деңгейде жасауға мүмкіндік беріп отыр. Шаңғы – қысқы спорттардың арасында ең танымалдарының бірі. Астанамызда шаңғы спортымен айналысатын адамдардың саны өте көп. Бүгін де шаңғы маусымының ашылуына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысып жатыр. Ең қарт қатысушымыз 83 жаста. Шаңғы жарысынан бөлек, шаңғы маусымының ашылуында белбеу күресі, қол күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеру бәсекесінен сайыс ұйымдастырылды, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.
Бүгінгі шаңғы маусымында қатысушылар 7 жас санаты бойынша сынға түсті.
Спорттық іс-шараның соңында әр жас шамасына қарай жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары