Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордада семсерлесуден Астана қаласының ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, дәстүрлі түрде ұйымдастырылған бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Жарысқа Астана, Тараз және Қарағанды қалаларынан 70-ке жуық спортшы қатысып, жекелей сын бойынша өзара мықтыны анықтаған.
Биылғы чемпионатқа 2011-2012, 2013 және одан кіші жастағы жасөспірімдер қатысты. Олар семсерлесудің қылыш түрінен сайысқа түсіп, жоғары деңгейдегі шеберліктерін паш етті. Екі күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша №9 БЖСМ шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл чемпионат ақпан айында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Жергілікті мамандардың айтуынша, осы додада жоғары нәтиже көрсеткен елордалық спортшылар Астана қаласының атынан ел чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?