30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Сәтті сәрсенбі» атты спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Жағалау» тұрғын-үй кешені аумағында өткен спорттық шарада жергілікті балалар түрлі ойындар бойынша сайысқа түсіп, қоршаған ортаны таза ұстау қажеттігі айтылды.
Қазақта сәрсенбінің сәтті күні деп аталуы бекер емес. Себебі, аптаның осы күніндегі ойлаған жоспарлар ойдағыдай бітіп жатады. Біз де осы мақсатта спорттық шарамыздың атауын осылай қойғанды жөн көрдік. Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты – жеткіншектерді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартып, экологиялық бастамаларға тарту және олардың бойына жақсы әдетті сіңіру, - деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.
Спорттық мереке барысында 50-ге жуық жас спортшы асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс және «Көңілді старт» аясында өзара жарысты. Жарыс соныңда жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды