Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАстанада салауатты болашақты қолдауға арналған экологиялық акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанадағы "Көктал" саябағында "Динамо" спорт қоғамының 100 жылдығына орай, оның логотипі түрінде 150 қарағай көшетін отырғызу бойынша ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараны "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Акцияның мақсаты — қаланы көгалдандыру мен экологиялық мәдениетті дамытумен қатар, әсіресе жастар арасында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту. "Таза қала үшін, салауатты ұрпақ үшін, есірткіге қарсы!" ұранымен өткен шара қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды, спортшыларды, жастарды және күштік құрылымдар ардагерлерін біріктірді.
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты, олардың қатарында ҚР ІІМ ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Сарыарқа ауданы әкімі, спорт басқармасының басшысы Левит В.А., Цифрлық даму министрлігі мен ІІМ өкілдері, Олимпиада чемпиондары, еңбек сіңірген спортшылар, ардагерлер мен "Динамо" ұйымының жастары болды. Шараның маңыздылығын ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті қызметкерлерінің қатысуы арттыра түсті.
Олар есірткіге тәуелділіктің алдын алуда және физикалық әрі адамгершілік жағынан салауатты ұрпақ тәрбиелеуде мемлекет пен қоғам күшін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл акция "Динамо" ұйымының даңқты дәстүрлері мен заманауи сын-қатерлер арасындағы тірі байланыстың символына айналды. Ұйымның 100 жылдығы тек спорт мерекесі ғана емес, есірткісіз салауатты ел үшін маңызды қоғамдық бастамаларды ілгерілетудің алаңына айналды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік