12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік9 мамыр күні «Astana Musical» мемлекеттік театры Жеңістің 80 жылдығына арналған «Роза Бағланова» атты мюзиклін көпшілік назарына ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, күміс көмей әнші Роза Бағлановаға арналған бұл қойылымда оның балалық және жастық шағы, сондай-ақ соғыс жылдарындағы ауыр тағдыры мен шығармашылық жолының қалыптасуына негіз болған өмірлік шешуші кезеңдері көрініс табады.
Айта кетейік, бұл туынды Оңтүстік Кореяда өткен «Daegu International Musical Festival» (DIMF) халықаралық мюзиклдер фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» номинациялары бойынша жеңіске жетіп, бас жүлдеге ие болды.
Мюзиклдің композиторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский, саунд-дизайнер – Ақжол Өмірзақов. Қойылымның қоюшы-режиссері – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, авторлары – Ефрат Шәріпов, Шыңғыс Маман, Айдын Сақаман және Әннәс Бағдат.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер