6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлімізде 7 қыркүйек күні Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқауға іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған мәдени іс-шара Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық қаһарманы, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық және әлемдік мәдениеттің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғыртуға, сондай-ақ жас вокалистерді қолдауға бағытталып отыр.
Халықаралық вокалдық байқауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы өткізеді.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының хабарлауынша, конкурсқа қатысуға өтінімдер 1 шілде мен 6 қыркүйек аралығында қабылданады. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы эстрада жанрының вокалистері, республикалық және халықаралық байқаулардың, телевокал байқауларының қатысушылары, Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетелдердің мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Байқаудың жүлде қоры:
1) Гран-при – 2 000 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
2) І орын – 1 500 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
3) ІІ орын – 1 000 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
4) ІІІ орын – 500 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда).
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі