22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залында «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
14 ақын бақ сынасқан жыр додасының ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.
«Айтыс – халқымыздың рухани болмысының айнасы, ғасырлардан жеткен қасиетті өнер. Оны қастерлеу, жаңа дәуірдің тынысымен қайта түлету және жас ұрпақтың санасына сіңіру – бәрімізге ортақ міндет.
Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын ұлттық өнерді дәріптейтін, дәстүр сабақтастығын жалғайтын осындай іргелі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Еліміздің игіліктері мен жетістіктері, халықтың жарқын болашағы ұлт мерейін асқақтататын ұлық мерекеге арналып отырған бүгінгі айтыстың арқауына айналып, ақындарымыздың шабыты шалқи берсін», - делінген құттықтау хатта.
Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Екі күнге созылған жылдың қорытынды айтысының бас жүлдегері және «Алтын домбыра» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер табысталды. Бірінші орынды Бексұлтан Орынбасар, екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Сонымен қатар ақтық сында ерекше сөз шеберлігін көрсеткен ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев