23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордада Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» патриоттық челленджі өтіп жатыр. Бастама әлеуметтік желілерде түрлі буын өкілдері мен әр салада еңбек ететін қала тұрғындарын бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Челленджге мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар, жастар мен қала тұрғындары қатысып жатыр. Олар бейнероликтерінде қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Отанға деген махаббат, халықтың бірлігі мен тәуелсіздіктің маңызы туралы ой бөлісіп, ізгі тілектерін арнайды.
Қатысушылар челлендж эстафетасын достарына, әріптестері мен жақындарына жолдап, мерекелік көңіл күйді арттырып, өзгелерді де бастамаға қосылуға шақырады.
«Менің Қазақстаным» челленджі Республика күнін мерекелеу аясындағы бастамалардың біріне айналды. Оның мақсаты – патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайтуға бағытталған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады