2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада «Қазақ елі» монументінің жанында Республика күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті. Мереке елорданың жүздеген тұрғыны мен қала қонақтарын басын қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Монумент жанындағы алаң береке-бірлік пен қуаныш-шаттықтың кеңістігіне айналды, қала тұрғындары отбасыларымен, балаларымен, ата-аналарымен және достарымен келді.
Мерекелік концерт басталғанға дейін қонақтар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Бүгінгі концерт Республика күні күнтізбедегі күн ғана емес, әркім өз еліне деген мақтаныш сезінетін күн екенін көрсетті. Біз бұл қуаныштың әртүрлі буын адамдарының басын бір арнаға қалай біріктіретінін көріп отырмыз, - деп атап өтті көрерменнің бірі.
Концерт Республика күніне арналған ауқымды мерекелік бағдарламаның бір бөлігі болды. Астана бойынша 150-ге жуық іс-шара өтті: концерттер, флешмобтар, көрмелер мен акциялар.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс