23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған монументалды кешен мен Кеңес Одағының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші аумағында сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шараны Біріккен мұражайлар дирекциясы мұраның сақталуын қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – қоғамдық кеңістікті абаттандыру, экологиялық мәдениетті дамыту және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Мекеме қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, ағаштарды сәндеп, артық бұталарын кесіп, гүлзарларды ретке келтірді. Жиынға қатысушыларды ортақ мақсат – естелік орындарды тиісті жағдайда ұстау және Отан қорғаушылардың ерлігін құрмет көрсету идеясы біріктірді.
Ескерткішті тазалауға қатысу мен үшін қарапайым қоғамдық жұмыс емес, оның мағынасы терең және өткен тарихқа құрмет көрсету. Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ерлік туралы айтып қана қоймай, тарихқа құрмет таныту ерекше маңызды. Ескерткіштерге күтім жасау арқылы кейінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын пида еткен жандарға алғыс білдіреміз. Мұндай іс-шараларға қатысу – мен үшін үлкен құрмет, - деді ғылыми-көрме бөлімінің меңгерушісі Мәншүк Исаева.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік