Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласында қыздың үйіне қонаққа келген ер адам алтындарын қолды қылған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғанын мәлімдеді. Ол ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін деп болжады.
Анықталғандай, күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде ол пәтерге келуді ұйғарған. Сөйтіп кездесулердің бірінде ер адам сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады.
Ер адам ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып жіберген. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары