Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжінде «Сырғалым» атты қыздар клубы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
«Сырғалым» қыздар клубы – бұл коммуникацияның қосымша арнасы ғана емес, жеке және кәсіби дамудың қуатты ресурсы. Онда белгілі бір дағдыларды алуға және жайлы жағдайда уақыт өткізуге мүмкіндік бар. Колледжде оқитын студенттер клуб мүшелері болып саналады әрі клуб жетекшісі анықталды. Комиссия мүшелерінің арасынан тәлімгерлер бекітілді. «Сырғалым» клубында тәрбиеленушілердің әрқайсысының кәсіби өсуі үшін қуатты ресурс болатын қосымша коммуникациялар арнасы әзірленетін болады. Мұнда қыздар өздеріне ыңғайлы жағдайда белгілі бір дағдыларды игере алады. Яғни, «Сырғалым» қыздар клубы – бұл колледжде оқитын және қолданбалы өнермен айналысуға және ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндігі бар студенттердің бірлестігі. Бүгін колледж студенттері бізге әдемі ұлттық костюмдерді көрсетті. Сондай-ақ, әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшелері осы колледждің балаларына бекітілгенін атап өткім келеді, - деп атап өтті Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспекторы Қарлығаш Саркенова.
Іс-шараға елорда әкімдігінің өкілдері, колледждің индустриалды және қамқоршылық кеңестері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты.
Ашылу салтанатында колледж тарихы туралы бейнеролик көрсетілді, музыкалық және поэтикалық шығармалар орындалды, сондай-ақ колледж студенттері өздері жасаған ұлттық костюмдерін көрсетті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?