23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Астанада кішкентай қыз баланы ұрып-соғуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уәкілдің сөзіне қарағанда, 17 жастағы қыз ағасының үйіне қонаққа келген. Таңертең оған баланы балабақшаға апарып келуді тапсырған. Кішкентай қыз балабақшаға барғысы келмей жылайды, содан бойжеткен немере сіңлісіне қол көтерген.
Бұл факті бойынша бойжеткенге ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді. Іс бойынша Астана қаласының әкімдігімен байланыстамын. Сондай-ақ баланың әжесімен де байланыстамын. «Құқық» ҚҚ бүкіл отбасын психологиялық сүйемелдеуге алады (алғашқы қабылдау осы сәрсенбі күні өтеді), - деді Зәкиева.
Бұған дейін осы жайтқа қатысты ҚР ІІМ түсініктеме берген болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады