Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен қысқы Универсиадада топ жарған биатлоншылар елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министр Саясат Нұрбек Астана қаласының әуежайында 2023 жылғы қысқы универсиададан жеңіспен оралған студент-спортшыларды қарсы алды. Сондай-ақ спортшыларымызды әуежайдан қолдаушылар, құшақ толы гүл шоқтары мен көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
«Біздің студенттік құрама қысқы Универсиадада керемет нәтиже көрсетті. 11 отандық жоғары оқу орнынан 78 спортшы 10 спорт түрінен жарысып, 11 медаль жеңіп алды. Биатлоншылар екі «алтын», «күміс» және «қола» жеңіп алды. Трамплиннен секірушілер де жақсы өнер көрсетіп, отандық құраманың қоржынына тағы бір «алтын» мен «күміс» әкелді. Біздің шорт-трек спортшылары мен шаңғышылар да ерекшеленді. Сондай-ақ, шайбалы хоккей командасын ерекше атап өткім келеді. Олар топтық кезеңде үздіктердің қатарында болды. Ал «қола» үшін ойында Универсиада көшбасшылары – жапондықтарды жеңді. Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймын», - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.
Еске салсақ, 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында ХХХ қысқы Универсиада өтті. Қазақстан Республикасынан жарысқа 78 спортшы спорттың 12 түрінен бақ сынады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары