2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада қыс мезгілінде төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыру бойынша «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Командалық-штабтық оқу-жаттығудың барысын қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қадағалады.
Қала әкімдігі азаматтық қорғаныс органдары құрылымының қысқы маусымға дайындығын жыл сайын дәстүрлі түрде тексереді. Өйткені азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету құрылымдары табиғи және техногендік қауіп-қатер туа қалған жағдайда шалт қимылдап, кез келген жағдайға дайын болуы керек, - деді Ерсін Өтебаев.
Қалалық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Хамиттің айтуынша, техникалар мен құрал-жабдықтар қысқы маусымға сақадай сай.
Астана қаласы бойынша қысқы кезеңге дайындалу үшін 300-ден астам техника дайындалды. Оның ішінде өрт сөндіру бөлімдерінен 77 техника, өтімділігі жоғарғы 9 арнайы техника, 33 негізгі мақсаттағы техника бар. Сонымен қатар құтқару бөлімшелері автономды жылытқыш генераторлар, портативті электр генераторлары мен басқа да қажетті жабдықтармен қамтылған. Бұған қоса әкімдік тарапынан қосымша техникаларға тапсырыс берілді. Олар осы айдың соңына дейін жеткізіледі, - деді қалалық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Хамит.
Іс-шараға 35 техника мен 125 маман қатысты. Онда табиғи қауіп-қатерден зардап шеккендерді эвакуациялау, жол төсемін тазалау, адасқан адамдарды іздеу, жылыту және медициналық, психологиялық көмек көрсету пунктерін орналастыру бойынша іс-шаралар пысықталды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова