20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек26-29 қазан аралығында Астана қаласында Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz.
26 қазанда сағат 12.00-де Астана қаласындағы «Керуен» ойын-сауық орталығы 7 кинопаркте Қырғыз киносының күндері ресми ашылуы өтеді. Сағат 15.00-де Ұлттық академиялық кітапхада Қазақстан және Қырғызстан елінің зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, Айтматовтың еске алады.
27 қазаннан 10 қарашаға дейін Ұлттық музейде Қырғызстанның бейнелеу өнері көрмесі есігін ашады. 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері ресми ашылады. Іс-шара аясында Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраларының көрмесі мен сәндік қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.
28-29 қазанда Одан бөлек, «Манас» эпосына арналған іс-шара; «Ақ марал» мемлекеттік би ансамблінің концерті; Н.Түгелова және Ш.Исабаев атындағы «Қамбарқан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концертін өткізу жоспарланып жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?