Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана қалалық полициясы еліміздің әртүрлі өңірлерінен қылмыстық жолмен баю мақсатында келген бірнеше қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, маусым айының басында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар үш ұйымдасқан топтың мүшелерін ұстады. Олар елорда аумағында заңсыз әрекеттерді жүзеге асыруға тырысқаны анықталды.
Бір эпизодта күдіктілер азаматтарды қару қолданамыз деп қорқытып, 10 миллион теңгеге дейін ақша бопсалаған. Тағы бір жағдайда қаладағы базарлардың бірінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалау арқылы олардың қызметіне көлеңкелі бақылау орнатпақ болған. Тергеу шаралары барысында травматикалық және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық схемаларда қолданылған болуы мүмкін микрокаржы ұйымдарының құжаттары тәркіленді. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар