23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын құрылыс кешендері туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған тағы 8 тұрғын үй кешенін аяқталады. Олардың арасында 13 жылдан бері баспанасының құрылысы аяқталғанын күтіп жүргендер де бар.
«Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешенінің құрылысымен таныстым. Бұл тұрғын үй кешені 11 жыл бұрын проблемалы деп танылған. «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ға тапсырар кезде тұрғын үй кешенінің тіпті жер учаскесі де болмаған. Жер телімін бөлу, барлық қажетті рәсімнен өту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта Б блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр.
«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырар алдында қадалары мен шұңқыры ғана болған. Қазіргі уақытта екінші белгі бойынша бесінші-алтыншы блоктарда пәтерлердің ақауларын жою және оларды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Төртінші белгі бойынша жалпы пайдалану орындарын әрлеу, еден төсеніштерін құю, әлсіз желілерді монтаждау және т.б. бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп жазды әкім.
Соңғы жылдары Астанада құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталып, 15,5 мыңға тарта үлескер отбасы көптен күткен пәтерінің кілтін алды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады