Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған «Триумф Сити» кешені аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Құрылысы ұзаққа созылған тағы бір тұрғын үй кешені аяқталды. «Триумф Сити» ТК құрылысы сонау 2011 жылы басталған. 13 жылдан кейін көпқабатты тұрғын үй кешенінің 1-кезегінің үлескерлері баспаналы болды. Қазір абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.
«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС тарапынан осы үйдің құрылысын аяқтау, құжаттарын ретке келтіру бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізілді. Ал екінші-үшінші кезектің тұрғындары жақын арада пәтерлерінің кілтін алады деп жоспарланып отыр.
Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталған. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді.
Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалды. Олардың бір бөлігі аяқталды, ал қалғанын осы жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?