Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болу ауқымын азайту үшін құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу бойынша санкцияланған алаңды іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Алаңда бетон, кірпіш, асфальт, темірбетон және қатты құрылыс қалдықтарының өзге де түрлері қабылданады.
Экологиялық кодекстің 376-бабына сәйкес құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арнайы жерде қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөлінуге жатады.
Құрылыс компанияларының бәрі экологиялық заңнама талаптарын бұзбау үшін алаңның сенімгерімен тікелей шарт жасай алады.
Өзге қоспалардан бөлінген таза құрылыс қалдықтарын қабылдау 1 тонна үшін 1300 теңге тариф бойынша жүргізіледі.
Қала тұрғындары (жеке тұлғалар) күнтізбелік жыл ішінде құрылыс қоқыстарын 250 келіге дейінгі алаңға тегін тапсыра алады.
Алаң Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы (Астана-Павлодар тасжолы) мекенжайында, ҚТҚ қалалық полигонына қарама-қарсы орналасқан.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік