Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазнетте мас жолаушының таксисті балағаттаған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, ер адамның құлағы естімейді екен. Ал оның есімі Шыңғыс.
Оның да әкесі секілді құлағы естімейді. Екеуі де Астанада тұрады, такси жүргізушілері. Тек әкесі күндіз, ал Шыңғыс түнде жұмыс істейді. Себебі екеуінде бір ғана көлік бар. Кеше Шыңғыс екі жолаушыны алып кеткен, олардың бірі адамгершілік деген ұғымды жоққа шығарды. Ер адам жүргізушіні әбден балағаттап, USB-ді алып кетпек болды, – деп жазды Buzyq Telegram арнасы.
Астана қалалық Полиция департаменті жолаушының ұсталғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс материалы сотқа жолданды, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар