Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін «Телман» жаңа газ жылу станциясы салынып жатыр. Қазіргі уақытта іргетасы мен қадалардың бітелуі бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің желі парақшасында жазуынша, бұл жоба елордада тағы 80 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Телман» ГЖС құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Сол сияқты биыл құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл нысанның бірінші кезеңі 2023 жылдың күзінде аяқталып, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, электр желілері бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Біз бірқатар қосалқы электр станциясының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, «Арай» қосалқы станциясы 96%-ға дайын. Бұл жоба Астананы қуаттылығы 80 МВА болатын үздіксіз сапалы электрмен қамтамасыз етеді. Біз оны осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтаймыз. Сонымен қатар, «Қазыбек» қосалқы станциясының құрылысын жүргізудеміз. Бұл жоба Теміржолшылар елдімекенін қуаты 80 МВА болатын сенімді әрі тоқтаусыз электрмен қамтамасыз етеді. Нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр,-делінген жазбада.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді