Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Жетісу саябағында қоғамдық тәртіп пен көгалдандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды.
Басты мақсат – қоғамдық тазалықты сақтап, мәдениет пен әдеп қағидаларын арттырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу. Сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – бұл жарқын келешекке қарай бет бұру екендігін аңғарту.
Есіл ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жетісу» саябағында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында тұрғындарға тазалық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру, – деді іс-шараның мән-мағынасы жайында Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар