23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы тәжірибесін талдауға арналды. Қатысушылар қазіргі заманғы және болашақтағы мүмкіндіктерді талқылап, жаһандық өзгерістер жағдайында бірлік пен келісім саясатын дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласының сарапшылары қатысты.
Ассамблеяның мерейтойы этносаралық қарым-қатынастарды дамытуда маңызды кезең екені атап өтілді. Қатысушылар бұл салада озық тәсілдерді енгізу мен мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауға арналған практикалық ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында мемлекеттік саясатты насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту, ағартушылық қызметті жандандыру, сондай-ақ қоғам, мемлекеттік органдар мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастық арасындағы өзара байланысты кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Конференцияның негізгі тезистері қатарында этносаралық қатынас құралы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік