23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.
Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады