Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДауыс беруге қатысқандардың арасында Астананың ең көне тұрғындарының бірі, көрнекті жазушы, драматург және сценарист 91 жастағы Әкім Тарази болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жазушының жасын ескере отырып, сайлау комиссиясының мүшелері оның және отбасы мүшелерінің дауыс беруі үшін үйіне барды.
Ұзақ жылдар бойы еліміздің дамуына куә болған адам ретінде мен әр дауыстың қаншалықты маңызды екенін көремін. 91 жастағы адам ретінде болашақ келесі ұрпақ үшін де біздің таңдауымызға байланысты екенін түсінемін, – деп атап өтті Әкім Тарази.
Таңертеңнен бастап Астанада сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.
Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары