23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ҚХА-ның XXXIV сессиясы қарсаңында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырысқа ҚР Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Ассамблея институтының елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ еліміздегі ауқымды өзгерістер барысындағы маңызы атап өтілді.
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Кеңес қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін, «Әралуандықтағы бірлік», «Біз әртүрліміз – бірақ теңбіз» қағидаттарын қоғамда сақтау мен ілгерілетудің маңызын ерекше атап өтті.
Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің алдағы бағыттары талқыланды, атап айтқанда, этномәдени бірлестіктер қызметін, ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің жұмысын, ҚХА қайырымдылық қызметін, этномедиация институтын, ғылыми-сарапшылық қызметін, «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын т.б. дамыту және жандандыру мәселелері сөз етілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады