18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сойли-Мякеляйнен Буханистпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында 2023 жылғы 31 қазанда Астана қаласында өтетін ормандарды тұрақты басқару жөніндегі Қазақстан-фин форумы мәселесі талқыланды.
Министр өз сөзінде екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы мен Финляндия арасындағы оң қалыптасқан ынтымақтастықты атап өтті.
Министр сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-фин үкіметаралық комиссиясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Е.Нысанбаев атап өткендей, «Финляндия орман өнеркәсібі үлкен үлес салмағы бар орман ресурстарына бай ел болып табылады. Финляндия ормандарды сертификаттауда ізашар болды, ағаш кесу техникасы, өндірісі, өңдеуі дамыған жеке орман шаруашылығының көшбасшысы болып табылады».
Е. Нысанбаев алдағы Орман форумы аясында фин тараптары орманды молықтыру, оның ішінде заманауи технологиялар бойынша озық тәжірибелерімен бөлісетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында тараптар Орман форумында одан әрі жемісті жұмыс істеуге үміт білдірді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр