Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек26 қазанда Астанада қазақ күресінен XIII республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайтын болады. Олар: еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қала — Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. Сондай-ақ турнирге өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» екі балуаны қатысады. Турнирдің нәтижесі бойынша ең мықты балуан анықталып, ол 15 миллион теңге көліміндегі бас жүлдені алады.
25 қазанда сағат 16:00-де «Барыс Арена» аумағында балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
Аталған турнирде Қазақстанның барлық өңірінен келген 43 балуан «Қазақстан Барысы – 2024» алтын белдігі үшін күреседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.
Жүлделер былай бөлінеді: 1-орын үшін — 15 000 000 теңге, 2-орын үшін — 3 300 000 теңге, 3-орын үшін — 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.
Марапаттау рәсімінен кейін турнир жеңімпазымен баспасөз конференциясы өтеді.
Барша спорт сүйер қауым үшін кіру – ТЕГІН болады. Сонымен қатар көрермендер үшін ұлттық стильде безендірілген ойын-сауық аймағы ұйымдастырылады, онда асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарын ойнауға болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?