Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер форумына Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден аса қатысушыны жиналды. Іс-шараның негізгі мақсаты әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылау, сондай-ақ олардың өзін-өзі дамытуға және елдің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған бастамалар болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, «Amanat»партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасының президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және басқа да түрлі салалардың өкілдері қатысты.
Форум 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған заманауи бейнелеу өнері көрмесінен басталды. Экспозицияға заманауи авторлардың әртүрлі стильдері мен әдістерімен жасалған 25 жұмысы кіреді.
Форум TEDX форматындағы спикерлердің сөз сөйлеуімен жалғасады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар