23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиеттім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХХ Халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өтетін 5 күндік халықаралық олимпиадаға Моңғолия, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан Республикасы, Беларусь, Ресей Федерациясынан 80-ге жуық оқушы келді.
«Ережеге сәйкес қатысушы елдердің әр командасы 14-17 жас аралығындағы 8 оқушы, 2 жетекшіден тұрады. Олимпиада эссе, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, үй тапсырмасы бойынша шығармашылық таныстырылым секілді 3 турдан өтеді», - дейді «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтап, оларды тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыруды көздейтін білім сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады. ЖОО-на 15 білім гранты және 10 қатысушыға жазғы оқу-танымдық ауысымға жолдама беріледі.
Сондай-ақ олимпиада қатысушыларына елорданың көрікті жерлеріне саяхат пен мұражайларға экскурсия ұйымдастырылады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік