23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін Астанада Қазақстан-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсула салу рәсімі өтті. Іс-шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орайластырылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада Қазақстан-неміс мектебін салу жобасы Қазақстан Президентінің 2023 жылы ГФР-на сапары аясында қолға алынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символына айналатын мектеп құру мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.
Жобаны Қазақстан халқы Ассамблясының қолдауымен «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Германия стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге көмектесетін Германия Федералды сыртқы істер министрлігі іске асыруда.
Мектеп 600 қазақстандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім беретін шетелдегі неміс мектептерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналады.
Астанадағы Қазақстан-неміс мектебі елдегі және Орта Азиядағы неміс білім беру стандарттары бойынша оқыту жүргізілетін алғашқы мектеп болады. Оқу бағдарламасы бойынша мектепті бітірген түлектер Қазақстанда да, Германияда да мойындалған аттестат ала алады. Бұл оларға қосымша дайындық және қабылдау емтихансыз неміс жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Жоба бастамашыларының айтуынша, мектеп құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, ал 2026 жылы мектеп алғашқы оқушыларына есігін айқара ашады. Жоба Қазақстанда білім сапасын арттыруға ғана емес, екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді деп күтілуде.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады