Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАрт-нысан Атырау көпірінің жанындағы Есіл өзенінің жағасында әншінің жанкүйерлерінің қатысуымен ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жобаның бастамашысы – продюсер Азат Әбікен.
Дархан біздің жақын досымыз еді. Бүгін ашылған өнер нысаны музыканттарды қызығатын жаңа орынға айналады. Дарханның әндері үнемі айтылады, оның әндері ұмытылмайды. Ал қазір біз оған символизм бердік. Елордада әдемі орын ашылды. Қазір біз музыканттың шығармашылығы туралы деректі фильм түсіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ Дарханның екінші альбомын шығаруға дайындалып жатырмыз, – дейді Азат Әбікен.
Орындықтың дизайнын танымал көше суретшілері Ғалымжан Балсары мен Батыржан Сәдуақасов әзірледі.
Орындықта музыканттың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алуға болатын QR коды бар тақта қойылған. Сонымен бірге ол жаңа әуендер, кездесулер мен шабыт алаңына айналады.
Іс-шарада Дархан Жүнісбековтің достары мен жақындары естеліктерімен бөлісіп, сүйікті әндерін орындады. Оның туындыларын танымал әншілер – ZAQ, MoFaShi, Хаким Мукарам музыканттары орындады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды