22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды.
Пирамида схемасы бинарлы жүйеге негізделген, оған сәйкес қатысушылар жаңа қатысушыларды шақыру санына байланысты әртүрлі деңгейлерде орналастырылған. Осылайша, қаржылық пирамиданың негізгі табысын ББҚ сату емес, жаңа салымшылардың жарналары құраған. Уәдеге сенген 6 мыңнан астам азамат деңгейіне байланысты айына 2 000 АҚШ долларына дейін бонус алуға үміт артып, «LIVEGOOD» компаниясынан ай сайынғы төлемі бар 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған, - делінген мәліметте.
Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған, оларды заңды жолмен тапқан табысымен үйлестіріп тәркілеуден жасыру мақсатында өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген.
Сонымен қатар тергеу барысында «Binance» биржасында 0,28 BTC криптоактивтері бар екені анықталды, бұл 28 мың АҚШ долларына тең. Соттың санкциясымен жылжымайтын мүлік пен криптоактивтерге, автокөлікке, сондай-ақ тінту кезінде тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды, - деп қосты агенттік.
Күдікті 7 ақпан күні Астана қаласындағы әуежайда Түркия ұшайын деп тұрған жерінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
2025 жылғы 8 ақпанда сот оған екі айға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев