2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлордалық Ұлттық әскери-патриоттық орталықта инженерлік әскерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған Ақмола өңірлік гарнизоны Инженерлік әскерлер басқару органдары мен бөлімшелерінің жеке құрамы, Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұландары, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.
Мерекелік іс-шарада көрсетілген фильмнің кадрлары қатысушыларға инженерлік әскерлердің қалыптасу кезеңдерін, жауынгерлік дайындықты, су тасқыны кезінде және әрдайым қауіп төндіретін аумақтарды тазарту кезінде жүргізілетін жұмыстарды еске салды.
Іс-шараға қатысушылар әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Әскери инженерлерді ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтады.
Ол әскери инженерлер мен саперлерге Отанға адал қызмет еткендері үшін алғысын білдірді. Генерал-майор Асан Жүсіпов Арыс қаласындағы, Тоқырау және Сарыкемер кенттеріндегі оқ-дәрі қоймаларындағы өрттер мен жарылыстар нәтижесінде қалған жарылыс қаупі бар заттардан тазартудағы жауынгер-саперлердің аса қауіпті әрі жауапты жұмысын ерекше атап өтті.
Өткен жылдың көктемінде инженерлік әскерлер су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-шараларға тартылды. Халықты, техниканы және материалдық құралдарды понтон-көпір паркінің жиынтығымен эвакуациялау үшін олар Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында паром өткелдерін жабдықтады. Су басқан аудандар мен учаскелерден үш мыңнан астам адамды эвакуациялады, бір жарым мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тасымалдады және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді, – деді генерал-майор А. Жүсіпов.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова