28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада қару-жарақ ұстайтын тұрғындардың қатары көбейген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Азамат Әмен айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада қару-жарақ ұстайтындардың саны жылына 500-ге артады. Жалпы қаруға сұраныс бар. Біреулер жеке басын қорғау үшін алса, екінші бір топ спорт үшін, тағы біреулер аң аулауға алады. Қару ұстау негізінен осы үш мақсатқа беріледі, - деді Азамат Әмен.
Сонымен қатар полиция департаментінің өкілі қару-жарақты өз еркімен тапсырған жағдайда сыйақы берілетінін айтты.
Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға оның түріне қарай 10-нан 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейін сыйақы қарастырылған. Яғни қарудың түріне, санатына және сақталу жағдайына қарай 34 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін сыйақы тағайындау көзделген. Қару-жарақты қабылдау үш санатқа бөлінеді. Бірінші – техникалық жағдайы өте жақсы деңгейде сақталған қару, оған 100 пайыз көлемде сыйақы беріледі. Екінші санаттағы қару-жараққа 70 пайыз, ал үшінші санатқа жатса, 30 пайыз көлемде сыйақы тағайындалады. Ескеретін жайт, сыйақы қару-жарақтың негізгі бағасына негізделеді, ол үшін сала сарапшыларымен кеңесеміз, – деді полиция подполковнигі.
Оның айтуынша, криминалдық іске қатысы бар, ұрланған және ресми тіркелген қару-жарақ сатып алынбайды және оған сыйақы берілмейді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?