28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚаланың коммуналдық қызметтері қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы дамылсыз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 30 желтоқсан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,6 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
29-ынан 30 желтоқсанға қараған түні қаладан 2 мыңнан астам ауыр жүк рейсімен 29 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Айта кетейік, қыс мезгілі басталғаннан бері полигондарға 152 мыңнан астам рейспен 1983 248 текше метрден астам қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие, - делінген мәліметте.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?