29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олар үздіксіз күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 31 желтоқсан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1346 бірлік арнайы техника шыққан. 31 желтоқсанға қараған түні 1 829 ауыр жүк рейсімен 24 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Айта кетейік, қысқы маусымның басынан бастап полигондарға 157 мыңнан астам рейспен 2 042 267 текше метр қар тазаланды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар қардан тазарды. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылмақ.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек