Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстананың коммуналдық қызметтері қаланың барлық бес ауданында қар күреу жұмысын күшейтуді жалғастыруда. Таңертеңнен бастап 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы көшелердің қарын тазалауға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2 наурыз күні таңертең Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
1 наурыздан 2-сіне қараған түні қаладан 25 мың текше метр қар немесе 1,9 мың ауыр жүк рейсі шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 414 мың жүк көлігі арқылы 5,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар