Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 28 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген ауысымдық режимде жұмыс істеп жатыр. 13 қарашадағы күндізгі ауысымда қала көшелерін қар мен мұздан 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,5 мыңға жуық арнайы техника тазартады. 12 қарашадан 13-іне қараған түнде Астанадан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1,9 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 154 мың текше метрден астам қар 12 189 рейспен шығарылды.
Ең алдымен, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды көшелер тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар