Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген жағдайда, тоқтаусыз режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалада қар шығару жұмысы күндіз де, түнде де жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 14 наурыз күні таңертең Астанада 2500-ге жуық жол қызметкері мен 1798 арнайы техника қар тазалауға шықты. Наурыздың 14-іне қараған түні коммуналдық қызмет 3827 ауыр жүк көлігімен қаладан 54 807 текше метр қар шығарды. Қыс мезгілінің басынан бері 603 663 ауыр жүк көлігімен қаладан 7,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие. Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары