Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесАстанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жол жұмысшылары бір күнде қаладан 50 мың текше метрге жуық қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, қыс мезгілінің басынан бері қаладан 198 506 рейспен 2 583 547 текше метр қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы да басқалары тазартылады. Мұнан соң орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді